ЖШС және ЖК
тіркеу
Біз ЖШС мен ЖК тіркейміз және салық режимін таңдауға көмектесеміз. Режим маңызды: салықтар мен есептілік соған байланысты.
- ЖШС тіркеу 50 000 ₸-ден, 1–3 күнде
- ЖК тіркеу клиенттерге тегін, 1 күн
- Нысан мен салық режимін таңдауға көмектесеміз
Тіркеудің
құны қанша
ЖК тіркеу
бізде қызмет алсаңыз, 1 күн
ЖШС тіркеу
1–3 күн
Тіркеуден кейінгі қызмет көрсету
Мемлекеттік баж бен алымдарды клиент бөлек төлейді, қызмет бағасына кірмейді.
Мемлекеттік қызметтің өзі 1 жұмыс күнін алады. Кейде тіркеуші орган құрылтайшыны жеке шақырады: келу туралы хабарлама eGov жеке кабинетіне келеді, сондықтан құжат тапсырған күні оны тексерген жөн.
Тіркеуге
не кіреді
Нысан мен режимді таңдау
ЖШС үшін таңдау оңайлатылған декларация мен жалпыға бірдей белгіленген режим арасында: патент, тіркелген шегерім және бөлшек салық 2026 жылдан бастап жойылған. Оңайлатылған декларацияда жылдық табыс шегі 2 595 000 000 ₸, мөлшерлеме 4%, Петропавлда 3%.
ЖШС жарғысы мен құжаттары
Тіркеу кезінде өз жарғысы берілмейді, мұны мәлімдесеңіз, үлгілік жарғымен жұмыс істеуге болады. Өз жарғысын кейде шот ашқанда банк немесе мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысы сұрайды, оны да дайындаймыз.
Жарғылық капитал
Шағын бизнеске құрылу кезінде қажет емес, капитал нөлге тең. Орта және ірі бизнеске кемінде 100 АЕК қажет, 2026 жылы бұл 432 500 ₸.
ЖШС мекенжайы
2026 жылғы 1 сәуірден бастап электрондық түрде тапсырғанда мекенжайды үй-жай иесінің келісімімен растайды. Өтінішті тапсырар алдында жалға берушімен келісіп алыңыз.
Қолжетімділіктер және банк шоты
Қолжетімділіктер мен банк шоты бойынша көмек.
Режимге және ҚҚС бойынша есепке қою
Салық режиміне және қажет болса ҚҚС бойынша есепке қою.
Тәжірибеден
және клиент пікірі
Клиентке 10 млн теңге үнемдеп бердік
Клиенттеріміздің бірі оңайлатылған декларациядан жалпыға бірдей белгіленген режимге көшкеннен кейін 10 млн ₸ үнемдеді.
Я фрилансер, открыл ИП недавно. В налогах ноль. Взял тариф для малого бизнеса, дали бухгалтера, он все объяснил на пальцах и кассу помог настроить
«Мен фрилансермін, жақында ЖК аштым. Салықтан мүлде хабарым жоқ еді. Шағын бизнес тарифін алдым, маған бухгалтер бекітті, ол бәрін қарапайым тілмен түсіндірді, кассаны баптауға да көмектесті» (аудармасы)
Кирилл Красуский, 2026 жылғы 25 наурыз
Қалай жұмыс істейміз
- 1 Консультация: немен айналысасыз, құрылтайшылар кімдер, қанша қызметкер, қандай айналым күтесіз.
- 2 Нысанды (ЖК немесе ЖШС) және режимді таңдаймыз.
- 3 Құжаттарды жинап, тіркейміз.
- 4 Құжаттарды тапсырамыз және қажет болса қызмет көрсету шартын жасаймыз.
Тіркеу
туралы сұрақтар
Нөміріңізді қалдырыңыз
біз сізге
қайта қоңырау шаламыз
Түске дейінгі өтінім — сол күні қоңырау шаламыз.
Кешке — келесі күні таңертең хабарласамыз.